18:26, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Мемлекетке 1,3 млн. теңге көлемінде залал келтірген бұрынғы аудандық құрылыс бөлімі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды
ОРАЛ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес облыс аудандарының бірінде құрылыс бөлімінің бастығы болып жұмыс жасаған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған қызметкер қызмет бабын теріс пайдаланып, мектеп құрылысы кезінде орындалмаған жұмыс көлемін қабылдап алған. Сөйтіп ол мемлекетке 1,3 млн. теңге көлемінде залал келтірген.