Мемлекетке 326,5 млн. астам залал келтірген директор сегіз жылға сотталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала аудандық сотының үкімімен «Подводстрой» ЖШС директоры Дмитрий Якунин ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеп, 5 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Д.Якунин өңірдегі Киров-Шежін арнасын қайта жаңғыртуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған. Атап айтқанда, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті басқармасы» ММ-ға 326 570 502 теңге материалдық залал келтірген. Одан аталмыш мекеме пайдасына 326 570 502 теңге материалдық және мемлекет кірісіне 395 386 теңге сот шығындары өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар