Мемлекетке 7,3 млн залал келтірген: солтүстік Қазақстанда заңсыз кен өндіргендер ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облсының Шал ақын ауданы аумағындағы «Двойники» кен орнында белгісіз тұлғалар жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы бұза отырып, ешқандай рұқсат құжаттарынсыз табиғи шағал тасты өз бетінше өндіргені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

пайдалы қазба
Фото: Pexels

Қадағалау қызметі шеңберінде және бей-жай қарамайтын азаматтардың көмегімен, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактісі анықталды.

— Жасалған құқықбұзушылықтың толықтығын, жан-жақтылығын және дұрыс құқықтық саралануын қамтамасыз ету мақсатында сертификатталған маркшейдер маманды тарта отырып, тексеру ұйымдастырылды. Нәтижесінде өз бетінше өндірілген пайдалы қазбалардың көлемі 3,9 мың м³ құрап, мемлекетке келтірілген залал мөлшері 7,3 млн теңгені құрады, бұл ірі залалдың келтірілгенін дәлелдейді, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен ҚК 334-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне тергеу үшін жолданды.

Сонымен қатар, Афанасьевка ауылында, аталған кен орнына жақын жерде, сыртқы сипаттамалары «Двойники» кен орнынан өндірілген пайдалы қазба түріне сәйкес келетін табиғи шағал тас қоры анықталды. Оның шамамен көлемі 5,5 мың м³, залал сомасы 10,7 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта тіркелген қылмыстық іс аясында аталған құқықбұзушылықты жасаған тұлғаларды анықтауға бағытталған барлық қажетті процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы бақылауға алынды.

Бүгін сондай ақ, Бас прокуратура Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылық 6,5%-ға азайғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар