Мемлекетке ірі көлемде залал келтірген «Жайықжылуқуаттың» бұрынғы бас директорының ісі сотқа жолданды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Ринат Нұрышев және басқа да қатысы бар тұлғалардың үстінен ҚР ҚК 235-бабының 3-бөлімі (ұйымдасқан топ құру және оны басқару), 176-бабы 4-бөлімінің «а, б» тармақтары (ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау), 307-бабының 1-бөлімі, 307-бөлімінің 4-бөлімімен (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Р.Нұрышев 2011-2013 жылдары «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры қызметін атқара жүріп, «Спецкомплектация» ЖШС мекемесінің басшылары, ерлі-зайыпты Виктор және Иралия Невгадпен, сондай-ақ Тахир Мясоутовпен ұйымдасқан топ құрып, ірі көлемде қаржы қымқырумен айналысқан.

Р.Нұрышевтің қылмыстық әрекеттері «Спецкомплектация» ЖШС-ның есепшотына құбыр және басқа да металл өнімдерін мемлекеттік сатып алу туралы 5 келісім-шарт бойынша ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылған.

«Спецкомплектация» ЖШС директоры И.Невгад ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы ретінде «Арматрейд» ЖК (басшысы В.Невгад) есепшотына аталған ақшалай қаражатты әрі қарай аударып отырған. Өз кезегінде В.Невгад есепшотқа аударылған ақшалай қаражатты алып, оның бір бөлігін делдал Т.Мясоутов арқылы Р.Нұрышевқа беріп отырған, ол мұны өз қажетіне жұмсаған. Осылайша 2011-2013 жылдар аралығында ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекеттерінің салдарынан «Жайықжылуқуат» АҚ есебінде мемлекетке жалпы сомасы 127 млн. 350 мың теңге материалдық шығын келтірілді.

Сондай-ақ Р.Нұрышев пен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне «Жайықжылуқуат» АҚ қоймаларына жалған дайындалған құжаттармен 273, 426, 630 диаметрлі құбырларды жалған жеткізуді іске асыру кезінде 13 млн. 230 мың теңге сомада «Жайықжылуқуат» АҚ-ның ақшалай қаражатын ұрлау фактісі бойынша айып тағылды. Яғни іс жүзінде аталмыш құбырлар «Спецкомплектация» ЖШС басшылығымен сатып алынбаған және «Жайықжылуқуат» АҚ-ға жеткізілмеген, бірақ Р.Нұрышев «Спецкомплектация» ЖШС-нің шотына 13 млн. 230 мың теңге сомасында ақшалай қаражат аударған, олар «қолма-қол ақшаға» айналдырылғаннан кейін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің арасында бөлінген (8,7 млн. теңгені Р.Нұрышев, 1 млн. теңгені В.Невгад пен И.Невгад иемденген, 1 млн. теңгені заңсыз алынған табыстан өзінің үлесі ретінде Т.Мясоутов алған, ал 2,5 млн. теңге құбыр өнімдерінің жалған жеткізілуін растайтын көрінеу жалған құжаттарды дайындағаны үшін төленген).

Сөйтіп Р.Нұрышевтің басшылығымен «Жайықжылуқуат» АҚ есебінде мемлекетке 140 млн. астам теңгеге материалдық залал келтірілді.

Сонымен қатар Р.Нұрышевқа «Спецкомплектация» ЖШС-нің басшылығынан ақшалай қаржы алу мақсатында іс жүзінде жеткізілмеген өнімдердің аталған келісім-шарттарын бұзу және айыппұл салуды қолдану (өсімпұлды өндіріп алу) шараларын алмай, №204, 306, 49, 50, 51 мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарттар бойынша тауарларды жеткізудің мерзімдерін ұзарту туралы онымен заңсыз қосымша келісімдерді жасап, аталған кәсіпорынның мүддесінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлімі және 307-бабының 4-бөлімі бойынша айып тағылды, бұл жағдай «Жайықжылуқуат» АҚ құқықтары мен заңды мүдделерінің айтарлықтай түрде бұзылуына, сондай-ақ «Жайықжылуқуат» АҚ-ға жалпы сомасы 235 млн. теңгеден астам мүліктік шығынның келуіне әкеліп соқтырды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар