Мемлекетке қауіп төндіретін індет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес биліктің мемлекеттік институттарының тұрақты серігі болып табылады. Бүкіл әлем осы зұлымдықпен күресуде. Осы ретте, мемлекет өзінің заңдары мен мемлекеттік құрылымдарын өзгертіп, жаңа технология жолдарын енгізуде. Алайда, сыбайлас жемқорлық онымен «өшіп» жатқан жоқ, қайта өршіп, жаңаша бағытта бейімделіп жатыр. Сондықтан да, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі тоқтаусыз, яғни, шексіз.
None
None

Бұл жерде мемлекеттің күші қоғамның қолдауынсыз жеңіске жете алмайды. Әсіресе, мұндай алыптармен күресуде азаматтық қоғам шешуші рөл атқарады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық -жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді».

Біз әділетсіздікті көргенде мемлекетті кінәлап, өз ренішімізді білдіреміз, алайда, сыбайлас жемқорлықпен күресуге келгенде ешқайсымыз атсалыспаймыз.
Біздің көптеген азаматтарымыз күн­делікті тұрмыстағы сыбайлас жем­қорлықты заңдастырмайды, кейде олар мұны солай болу керек деп те ойлайды. Мұндай жағдайда мемлекет те, ешқандай құқық қорғау органдары да ешнәрсе істей алмайды. Бәрін жазалап, отырғызу мүмкін емес. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін, әрбір азамат атсалысып, өзіндік үлесін қосуы керек, яғни, аза­маттардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын өзгертпейінше, нәти­жеге жету мүмкін емес. Сыбайлас жемқолықпен күресу - қоғамның және әр азаматтың ісі екенін әр қазақ­стандық әр отбасы түсінуі керек.

Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Ұрпа­ғыңызға асыл мұра ретінде ар­сыз­дықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр».
Сыбайлас жемқорлық - адам табиға­тының бұзылуына, адамгершіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлық - қоғамның ең өзекті мәселесі. К.Маркс жазғандай: «Әлеу­меттік жүйенің қақ ортасы іріп-шірісе, онда халықтың саны емес, қылмыстың саны өрши түседі». Адам белгілі бір материалдық жағдайға тәуелді бол­ғанда, ол ар-ұят, намысты екінші орынға қояды. Егер, біз осылайша, ар-ұят, намысты екінші орынға қоятын болсақ, онда болашақта тұтас бір ұр­пақты жоғалтып алуымыз мүмкін. Біз осыны түсінуіміз керек, себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетті ел құруымыз керек. Біздің Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласы осыған шақырады.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің басты саясаты болып қа­лыптасты. ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» күрес туралы заңын қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы орган құрылды. Мемлекеттік аппараттың жұмысының тиімділігімен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы көріністері артты. Ха­лыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы мен автоматтандырылуы азаматтар мен шенеуніктердің арасында күнделікті байланыстар азайып, сыбайлас жемқорлық көріністердің төмендегенін байқаймыз.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 723 түрін электронды қызметтер көрсету арқылы алуға болады. Жыл өткен сайын азаматтар мем­лекеттік қызметтер көрсету бойынша тікелей мемлекеттік органдарға өтініш беру саны азайып келеді. Жылдан-жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуде халыққа қызмет көрсетудің орталықтары мен электронды қызметтер көрсетудің үлестері артып келеді. Мысалы, үстіміздегі жылдың 4 айында электронды қызметтер көрсетудің үлесі 48 пайызды құрады. Бизнес саласында әкімшілік кедергілері күрт төмендеді. Рұқсат беру құжаттары 80 пайызға қысқарып, жоспар бойынша тексеру жұмыстары азайды.

«Біз мемлекеттік органдардың шешімін атқару, оны талқылау және қабылдау ісіне халықтың қатысуына үлкен жолдар ашып отырмыз. Мемлекеттік органдардың жанынан қоғамдық кеңестер құрылуда. Оған негізінен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері тартылған. Азаматтық бақылау жемқорлыққа, ысырапшылық пен арам пиғылды шенеуніктерге берік тұсау салады. Біз бұл жолдан таймаймыз, бірақ, бұл мүмкіндіктер Қазақстанның азаматтық қоғамына үлкен сынақ болмақ, олардың қоғамдық кеңестердегі жұмысы кемел ұстаным, халық алдындағы жауапкершілік принциптері негізінде жүруі тиіс», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар