Мемлекеттен жеңілдетілген шартпен алған несиені мақсатсыз жұмсағаны үшін сотталды - Атырау облысы

Нақтырақ айтқанда, Ж.Досмурзиев 2014 жылы мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға бағытталған жеңілдетілген шарттар бойынша өзінің жеке кәсібін ашу үшін бастапқы жәрдемақы ретінде мемлекеттен 2 500 000 теңге көлемінде бюджеттік кредитті рәсімдеген. Алайда, Ж.Досмурзиев алынған қаржы зергерлік бұйымдар шеберханасын ашуға жұмсалуға тиісті екендігін біле тұра, келісім шарт талаптарын өрескел бұзып, ақшаны өзінің жеке мақсаттарына жұмсаған. Нәтижесінде, ұйымға және мемлекетке ірі залал келтірген. Жылыой аудандық сотының үкімімен Ж.Досмурзиев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 370 400 теңге айыппұл салынды. Сотталушыға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабының талабына сай, қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, ол төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.