Мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығын бірлескен іс-қимыл арқылы жүзеге асыру қажет - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде тек бірлесіп жұмыс істеудің арқасында ғана біз өз мемлекеттеріміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз.
None
None
Бүгін елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде басталған Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі әлемдік дағдарыс біздің бұрынғы арман-мақсаттарымызды елеске айналдырып, олардың жүзеге асуын жоққа шығарды. Қазіргі кезде бізге сырттан келетін көмек жоқ. Кешегі донорлар бүгінде өз проблемаларын шешуге мәжбүр. Сондықтан бүгінде біз өз жағдайымызды ойламасақ, біз үшін қазіргі мәселелерді ешкім шешпейді. Осыдан он бес жыл бұрын Еуразиялық одақты құру идеясын ұсынған кезде, мен өзіме толық есеп беріп, осындай шешім қабылдадым. Бүгінде аталған идея іс жүзінде қолға алынып, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылды. Университеттердің еуразиялық ассоциациясы да осы идея аясында қызмет етуде», - деді Н.Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар