Мемлекеттік ақпараттық саясаттағы басты мәселе медиакеңістікті жаңғырту - ҚР Мемлекеттік хатшысы

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік апараттық саясаттағы басты мәселе медиакеңістікті жаңғырту болып табылады. Бүгін мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.
None
None

«Соңғы жылдары әлемде барлық бағыттар бойынша, демократиялық мәдени саладан бастап, әскери экономикалық бағыттарға дейін күрделі жағдай сақталуда. Ескі тәртіпті естен шығармай отырып, біз ең алдымен жаһандық контекстегі мәселеге жетік болуымыз керек. Екіншіден, Қазақстан жаһанданған әлемнен оқшауланған аралда тұрған жоқ. Әлемнің бір бөлшегі ретінде біз барлық өзгерістерді өзіміздің басымыздан өткеретін боламыз. Бұндай өзгерістердің барлығы бірдей, өкінішке қарай жақсылық нышанынан емес. Жер шарының жекелеген өңірлерінде орын алып отырған проблемалар бұл жүздеген жылдарда болмаған үдерістер», - деп атап өте келе Мемлекеттік хатшы «Қазақстан -2050» стратегиясы осындай күрделі жағдайдың компасына айналып отырғанын айтты. М. Тәжинның айтуынша, Елбасы әлем түбегейлі өзгерістерді бастан кешіп отырған уақытта болжамдар жасады әрі мемлекет дамуының векторын нақты айқындады. «Соған орай біз ақпараттық саясаттағы проблемаларды шешіп, неден құтылу қажеттігін білуіміз керек. Біріншіден, медиа кеңістікті жаңғырту. Соңғы жылдары мемлекеттік БАҚ-ты қаржыландыру бірнеше есеге артты. Алайда, өкінішке қарай біздің БАҚ-қа жұртшылық арасынан танымалдығы, сенімнің өскені байқалмай отыр. Бұл бәрімізге белгілі факт. Бүгінгі міндеттерді шешу үшін мемлекеттік БАҚ-тың жиынтық көрермен және оқырман аудиториялары нақты жеткіліксіз. Бірнеше жылдардағы телеарналар рейтингінде біздің жетекші мемлекеттік арналар сөзсіз лидер болуы керек. Ал дәл бүгінгі жағдай мүлдем басқаша, бұндайға жол беруге болмайды», деді М. Тәжин.

Соңғы жаңалықтар