Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген 6 млрд. теңгені жымқыру әрекеттері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген 6 млрд. теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте агенттік төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру саласындағы қылмыстардың жолын кесу бағытында әр өңір үшін «жемқорлық тәуекелдердің паспорттары» әзірленген көрінеді. Онда қызметкерлер тарапынан жедел шараларды қажет ететін қылмыстылығы жоғары салалар айқындалды.

«Нәтижесінде өткен жылдың басынан бері тек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде жасалған жемқорлық бағытындағы 500-ден астам қылмыс анықталды. Олар бойынша келтірілген шығын 6 млрд. теңгеден асты», - деді М. Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар