Мемлекеттік бағдарламаның арқасында Өскемен қаласының жанындағы үш ірі кент сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді

ӨСКЕМЕН. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Новоявленка кентінің су жеткізу желілерін қайта жаңартып, Меновное және Жыланды кенттерінің су жеткізуші желі құрылыстарын бастауға мемлекеттік сараптаманың оң шешімдері шығарылды. «Өскемен Водоканал» МКМ осы нысандардағы жұмыстарды бастады.
None
None

Қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің ақпараты бойынша, Новоявленка ауылының желілерін қайта жаңартудағы сметалық баға 294 790,10 млн. теңгені құрайды, Меновное ауылындағы су жеткізу желілерінің құрылысы - 206 496,95 мың теңге, ал Жыланды кентіндегі осындай құрылыс - 866 42, 470 мың теңгені құрайды.

Осы жылы республикалық бюджеттен Новоявленка су желілерінің жаңартылуы үшін 60 000,0 мың теңге, ал Меновное және Жыланды кентіндегі су желілерінің құрылысы үшін алғашқысына 77 924,0 мың теңге, соңғысына 86 642,0 мың теңге қаражаттан бөлінген.

Соңғы жаңалықтар