Мемлекеттік бағдарламаның арқасында шалғай ауылдарда тұрғын үй жағдайы жақсара түсуде

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Осакаров ауданының тұрғындары жаңа қоныс тойын атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнда Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы ауқымында тұрғызылған бірнеше екі пәтерлік үйлер пайдалануға берілді. Ұлы Отан соғысының ардагері, Осакаров ауданының құрметті азаматы Демеуқұл Берімбетов, Моңғолиядан келген оралман Шандай Кеңсебай, тұрмысы нашар отбасының отағасы Алексей Бекалов, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Динара Барпарова жаңа пәтерлердің кілтін қолдарына алды. Жаңа қоныс иелері ауыл тұрғындарына жасап отырған зор қамқорлығы үшін Елбасына және облыс басшылығына алғыстарын айтты.Өткен жылы Қарағанды облысында 480 мың шаршыметр тұрғын үй іске қосылды. Үкімет белгілеген жылдық тапсырма 50 мың шаршыметрге асыра орындалды.
Соңғы жаңалықтар