Мемлекеттік балалар мекемелеріндегі зорлық көрсету мәселелерін зерттеу нәтижелері талқыға түсті

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Ханаа Сингер 2010 жылы қол қойылған,
None
None

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылған мемлекеттік балалар мекемелерінде зорлық жасау проблемаларын зерттеу нәтижелеріне алдын ала талдау өткізді.

Бұл туралы ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Зерттеу әдістемесін әйелдер мен балаларға қатысты зорлық жасау мәселелері жөніндегі ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы, Шығыс Кентукки университетінің (АҚШ) профессоры Робин Хаарр әзірлеген.

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік интернаттық мекемелерде балаларға қатысты зорлық жасау түрлерінің сипатын және өріс алуын бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар