Мемлекеттік басқару академиясының ректоры мен Словакия елшісі ынтымақтастықты дамыту перспективаларын сөз етті

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов Қазақстан Республикасындағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юзамен кездесті, деп хабарлады академияның баспасөз қызметінен.
None
None

Ректор қонақты академияның қызметімен таныстырып, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі жайлы айтып берді.

Елші Словакияның ішкі саяси жағдайы, осы елдің мемлекеттік құрылымы мен оның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары жайлы баяндап берді. Ол Словакия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылығын білдірді.

Кездесу барысында қос тарап екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын, атап айтқанда, білім беру мен ғылым саласындағы мәселелерді талқылады, сонымен бірге, мемлекеттік қызмет үшін мамандар даярлау жайы сөз болды.

Сонымен бірге, Петер Юза академияда «Елші сағатына» қатысуға ұсыныс тастады. Оған Қазақстанда тіркелген шет елдердің елшілері шақырылады.

Соңғы жаңалықтар