23:33, 17 Қазан 2015 | GMT +5
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің 13000-ыншы салымшысы тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің 13000-ыншы салымшысы тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«2015 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің 13000-ыншы салымшысы тіркелді (МБЖЖ)», - делінген хабарламада.
Статистикалық деректер бойынша МБЖЖ мемлекеттік бағдарламасы жылдан жылға Қазақстан халқының сұранысы мен сеніміне ие болып келеді.
Ескеріп кетсек, МБЖЖ оқуды қаржыландыру үшін баламалы дереккөзі болып табылады. Бүгінде өзіңе не балаңның атына білім алу мақсатында жинақ шотын ашып, оны келешекте Қазақстанда да, шетелде де колледждер мен ЖОО-ларда оқудың ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.