Мемлекеттік бюджетке бір ғана ауданнан 331 млрд. 213 млн. теңге жиналды

ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөрлі ауданынан мемлекеттік бюджетке өткен жылы 331 млрд. 213 млн. теңге жиналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Осыдан 3 млрд. 82 млн. теңге аудандық бюджетке түсті, бұл ? барлық салықтың 0,9 пайызы, дегенмен бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 2,7 есеге өсті. Аудандық бюджеттің шығысы 33 пайызға артып, 3 млрд. 274 млн. теңгені құрады. Бұл ретте әлеуметтік салаға жұмсалған қаржы едәуір көбейді. Атап айтқанда, оның 50 пайызы ? білім беру, 2 пайызы - әлеуметтік қамтамасыз ету, 6 пайызы мәдениет пен спорт саласына бөлінді. Алдағы уақытта да Елбасы тапсырмасына сәйкес бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін көтеруге ерекше мән беріліп, бюджеттік бағдарламалардың құжаттарын жасауға және қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге талап күшейтіле түсетін болады.
Соңғы жаңалықтар