Мемлекеттік хатшы Норвегияда өтетін ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев алдағы наурыздың соңында Норвегия астанасы Ослода өтетін «Бейбітшілік жолында ядролық қарусыз ғаламдық серіктестікті нығайту» атты халықаралық конференцияға қатысады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен кездесу барысында Қазақстанның дүние жүзінде ядролық қаруды таратпау үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағаладым. Бұл айрықша маңызды. Себебі Норвегияда алдағы наурызда ядролық қаруды таратпау жөнінде маңызды халықаралық конференция өтеді. Оған қатысатын жоғары деңгейдегі қазақстандық делегацияның ішінде Мемлекеттік хатшы мырза да болады», деді бүгін Ақордада Қ. Саудабевпен кездесуінен кейінгі брифингте Норвегияның Энергетика және мұнай министрінің орынбасары Моника Стубхолт ханым. ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының таратқан баспасөз баянында көрсетілгендей, аталмыш конференцияны Қазақстан мен Норвегия бірлесіп ұйымдастырғалы отыр. Оған бірқатар елдердің және халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері қатысатын болады. Шара барысында Қазақстанның ядролық қарусыздану тәжірибесі мен біздің еліміздің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі егжей-тегжейлі талқыланады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар