Мемлекеттік қолдау аясында Қызылордада нан және кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында нан және кондитерлік өнімдер шығаратын цех өз жұмысын бастады. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

 Жобаның құрылтайшысы болған «RetailA-A» ЖШС компаниясының директоры Бейбіткүл Баймаханованың сөзінше цехтың өндірістік қуаты бір айда 75  тонна дайын өнім шығаруға жетеді және кәсіпорын жергілікті нарыққа нан мен кондитерлік өнімдердің 50-ден аса түрлерін өндіріп отыр.   

Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациалық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «RetailA-A» ЖШС-нің «Нан және кондитерлік өнімдерін өндіру » жобасы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілгенін айта кеткен жөн.

Ескере кетсек, жобаның жүзеге асуы барысында кәсіпорынмен жаңадан 35 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар