Мемлекеттік қызмет алушылардан шағым азаяр емес - Дархан Жазықбаев
«Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласы, оның сапасы мен қолжетімділігі азаматтардың жеке тәжірибесі негізінде мемлекеттік аппаратқа қатысты сенімін қалыптастыратын құралға айналып келеді. Биылғы жартыжылдықта 74,3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның басым бөлігі, яғни 73,3 млн-ы электронды нысанда. Бұл 98,6 пайызды құрайды. Дегенмен, біздің басты мақсатымыз – цифрландыру үрдісі оңтайлы жолға қойылмай отыр. Соңғы 6 ай ішінде 431 тексеру ұйымдастырылып, 29 мың заңбұзушылық анықталды. Қызмет алушылардан келетін шағымдар азаяр емес. Дәл қазіргі сәттің өзінде қаралып жатқан шағымдардың саны 100-ден асады», - деді Дархан Жазықбаев агенттікте өткен консультациялық-сараптама тобының отырысында.
Оның атап өтуінше, шағымдардың себебі Үкіметке ұсынылған.
«Бүгінгі күні адамдардың қатысуынсыз атқарылатын электрондық қызметтердің үлесі 4 пайыз ғана. Қалған қызметтер электронды нысанда тек өтініш беру немесе оның нәтижесін алумен ғана шектелген. Ал барлық ішкі процестер қызметшілердің мойнында. Одан бөлек, шағымдардың себебі - кей қызметтердің толыққанды емес, жартылай болатындығына қатысты. Бүгінгі таңда 1 323 мемлекеттік қызметті көрсету рәсімі шамамен 400-ден астам заңға тәуелді актілерде, сондай-ақ салалық заңдарда айқындалады. Осы заңдарды қарапайым қызмет алушы түгілі кәсіби мамандарға ұғыну қиынға соғады. Мұндай жағдайда оларда біріздендіру аса өзекті», - деді агенттік басшысы.