Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қызметкерлерінің 25 пайызы ағылшын тілінде еркін сөйлейді - Т. Донақов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қызметкерлерінің 25 пайызы ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысы барысында ведомство басшысы Талғат Донақов мәлімдеді.
None
None

«Министрлік үкіметтің ең шағын құрылымдарының бірі болып табылады. Министрліктің кадрлық құрамы білікті мамандардан құралған, Орталық аппарат қызметкерлерінің 12 пайызы АҚШ-та және Батыс Еуропада білім алған «Болашақ» бағдарламасының түлектері. Үшеуі министрлік департаменттерінің директорлары. Қызметкерлердің 25 пайызы ағылшын тілінде еркін сөйлейді», - деді Донақов.

Сонымен қатар, министр ведомство жұмысында басымдық мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алдын алу, сондай-ақ мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы мен оны бақылауға берілетінін атап өтті.

Сөйлеген сөзінде Т. Донақов ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша жасалған жұмыстар жайлы, елдегі мемлекеттік қызметтің жай-күйі, мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған, меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық үлгіге көшу үшін шараларды іске асыру барысы және оны іске асыру нәтижелері туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар