Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасарлары тағайындалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бағыты бойынша тағайындалған Мырзағалиев Жанарбек Нұржанғалиұлы, бұдан бұрын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында 20 жылға жуық қызмет атқарған, қаржы полициясының полковнигі.
Ал Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша - Тәртіптік кеңестің төрағасы Сүйінбаев Нұрлан Болатұлы, бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысы лауазымын атқарған, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен.