Мемлекеттік қызметкерлер заман талабына сай елге қызмет етулері керек - Н. Назарбаев

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметкерлер заман талабына сай елге қызмет етулері керек. Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None
«Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері қарай біз мемлекеттік қызмет саласын реформалау жолында жұмыс істеп келеміз. Әлемдегі тәжірибенің жетістіктерін мұқият қарадық. Бұрынғы жүйенің барлығы Кеңес одағының қалыптастырған жолымен жүрген болатын. Оның кемшіліктері көп, бүгінгі заман да басқа. Ендеше мемлекеттік қызметшілер заман талабына сай елге қызмет етулері керек. Елдің жағдайы жақсарған сайын мемлекеттік қызметке қатысты талап та ұлғая береді», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Н. Назарбаев мемлекеттік қызметкердің кәсіби біліктілігін арттыруды айрықша назарда ұстап келе жатқанын атап өтті. «Әрбір жаңа басшыны тағайындасақ, ол бұрынғы істеп жүргендердің барлығын босатып, жаңа командасын артынан шұбыртып жасақтайды. Әр мекеменің, әр жұмыс бағытының өз тарихы болуы керек. Бір үй салудың өзі оның іргетасынан басталады. Ал соны ортасынан тоқтатып, мүлдем басқа адамдармен жалғастырсақ не болады? Мемлекеттік қызмет те солай. Саяси қызметкерлер жеңген партияның атынан келіп басшылыққа отырады. Ал аппараттың жұмысы мықты, қызметі берік болуы шарт. АҚШ-та да, батыста да басшылыққа кім келіп жатыр, кім кетіп жатыр, оған еш қатыссыз аппарат қызметі тоқтамайды. Біз де соған ұмтылып жатырмыз», - деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар