Мемлекеттік мекемелерде «жасырын» көрсетілген қызмет түрлері анықталды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 9 айы ішінде Павлодар облысының мемлекеттік мекемелерінде «жасырын» түрде көрсетілген 15 қызмет түрі анықталған.
None
None

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Өтешев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілмеген,  мемлекеттік қызмет белгілері бар  қызмет түрі «жасырын»  саналады. Биыл Агенттікке жолданған 15 ұсыныстың жетеуі бекітілді. Қазіргі таңда бұл қызмет  түрлерін тізілімге енгізу қарастырылуда. Бүгінде елімізде 700-ден астам қызмет көрсетілсе, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 2500-нан асады», - дейді Мақсұт Өтешев.

Басқарма мәліметінше,  «жасырын»  мемлекеттік істер тізімінен ресми тізімге  келесі қызмет түрлері енгізілмек: ұлттық бірыңғай тестілеуде қойылған балмен келіспеуіне байланысты ұсынылған республикалық апелляциялық комиссияның шешімі, нысан құрылыстары жобасының  ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, мүрдені қайта жерлеуге берілетін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама, көркемөнер ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын тағайындау, мұрағаттың оқу залында жұмыс істеуге рұқсат беру, психиатрлық куәлік беру, зерттеу жүргізілетін тұлғаны тексеру, "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысу. 

Соңғы жаңалықтар