13:13, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және квазимемлекеттік борышты басқару» мәселесі қаралады - Үкімет сағаты
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - 14 мамыр, дүйсенбі күні Мәжілісте «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және квазимемлекеттік борышты басқару» тақырыбында Үкімет сағаты өтетіні жоспарланып отыр.

Қаржы министрлігі мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш жөніндегі мемлекеттік саясатты орындауды қамтамасыз етеді және оның мониторингін жүргізеді. Осы мәселе бойынша депутаттар алдында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасайды.
Үкімет сағатында министр аталған бағыттағы елдің ұстанған саясаты жөнінде жан-жақты түсінік береді.
Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.