Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны үшін айыпты азаматтар шығынды қалпына келтірсе, бас бостандығынан айырылу жазасынан құтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін айыпты азаматтар шығынды қалпына келтірсе, бас бостандығынан айырылу жазасынан құтылады. Мұндай норма қазіргі уақытта Парламент Сенаты қарауында жатқан жаңа қылмыстық кодекс жобасында қарастырылған.
None
None

«Офшордағы бәрін Қазақстанға қайтарып, орнына қойсын. Сол кезде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартпаймыз», - деді бүгін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, бұл жаңа норма шығынды толық көлемде қалпына келтіргендерге қатысты ғана қолданылатын болады.

«Егер ол мұндай қылмысты жасайтын болса, онда оған шығынды толық көлемде қайтарған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Ал қазіргі уақытта түрмеде отырғандарға бұл норманың еш қатысы жоқ», - деді И.Меркель.

Соңғы жаңалықтар