Мемлекеттік наградалар қайраткерлерге ерекше қанат бітіреді - А. Әшімов
Осыған орай, Елбасының қолынан награда алған 1-дәрежелі «Достық» орденінің иегері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов барша қаазқстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Бұған дейін «Отан» орденін алған едік. Бүгін Мемлекет басшысының қолынан тағы бір үлкен марапатқа ие болып отырмыз. Еңбектің бағаланғаны, оның ішінде Тұңғыш Президенттің қолынан марапат алу әрқашанда қымбат. Тәуелсіздіктің алдында көптеген қайраткерлер марапатталып жатқаны қуантады. Еліміздегі әрбір награданың өз орны, өз бағасы бар. Соның ішінде өнер еңбеккерлерінің марапатқа ие болуын мен шын жүректен лайықты дер едім, бұл қайраткерлерге ерекше қанат бітіреді», - деді А. Әшімов.
Сонымен қатар, 1-дәрежелі «Достық» орденінің иегері барша қазақстандықтарды еліміздің ұлық мерекесімен құттықтай отырып, өнер қайраткерлерінің еңбегіне жеміс тіледі.