Мемлекеттік органдар қоғамдық пікірге сай жылдам шешім қабылдай алуы тиіс - С.Нұрбек
«Бүгінде бес институционалдық реформалар аясында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік қызмет жүйесінің жаңа стандарттарын енгізу ерекше мәнге ие болып отыр. Әлеуметтік жүйелердің, ашықтықтың және ақпараттық қанықтықтың факторлары қоғам ішінде маңызды бөлшекке айналды. Мемлекеттік органдар қоғамдық пікірге сай жылдам шешім қабылдай алуы тиіс, тез арада болған оқиғаға ұшқыр жауап қатуы қажет. Өз саясатын, заңдарын және бастамаларын ақпараттық саясатты ескере отырып, жасауы керек. Осы нәрселер жаңа мемлекеттік қызметкердің негізіне енуі тиіс», - деді С.Нұрбек.
Айта кетейiк, ҚР Президентi өзiнiң «100 қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттiк қызметке қабылдау рәсiмдерiн жаңғыртуды, мемлекеттік қызметке қабылдау төменгi лауазымдардан басталуы тиіс деген болатын. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу iскерлiк қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс екендiгiн де тапсырды. Сонымен қатар, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу қажеттiгiн атап өттi.