Мемлекеттік органдардың ішінде полиция қызметкерлері жемқорлық ең көп тарағандар қатарында емес - ІІМ

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекеттік органдардың ішінде полиция қызметкерлері жемқорлық ең көп тараған қызметтердің қатарында емес.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,

« шкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алып отырғанын біз білеміз. Бұл бағыт бойынша ұдайы жұмыстарды жалғастырудамыз. Сонымен қатар осындай теріс көріністерге қатысты қатаң шаралар атқарылуда», деді ол.

ІІМ қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған орган болып табылатынын жеткізген Қ. Жұманов, «Қазақстанда 76 мың полиция қызметкері бар. Егер қызметкерлердің жалпы санына сыбайлас жемқорлықтың ара қатынасын алып қарайтын болсақ, мемлекеттік органдардың ішінде полиция қызметкерлері жемқорлық ең көп тараған қызметтердің қатарында емес екеніне көз жеткізе аламыз», деді ол.

Қ. Жұмановтың сөзіне қарағанда, 1 мың қызметкер үлесіне екі сыбайлас жемқорлық қылмысы келетінін ескергенде, сыбайлас жемқорлық индексі бойынша ресми мәлімет рейтингісінде ІІМ 31 мемлекеттік органның ішінде 18-ші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар