Мемлекеттік органдардың веб-сайттарына жасалған мониторингтің қорытындысы шығарылды

АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Ақпараттық бастама» корпоративтік қоры Қазақстандағы азаматтардың ақпаратқа қол жетімдігі мәселесінің заңнамалық шешімі бойынша жобаның қорытындысымен таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақпараттық бастама» қорының мамандары «Сорос-Қазақстан» қорынан бөлінген грант есебінен, сарапшылармен бірлесе отырып мемлекеттік органдардың веб-сайттарына мониторинг жүргізді. Үш айға созылған зерттеу кезінде мемлекеттік интернет қорларына ақпарат орналастырудағы нормативтік реттеудің олқылықтары, электрондық үкімет бағдарламалары аясында сандық қол қою жүйесін қолдану мүмкіндіктері сарапқа салынды. Жоба авторларының пікірінше, мемлекеттік органдардың ресми сайттары заманауи саясаттың жай атрибуты ғана емес. Мемлекеттің қызметі туралы ақпаратты кең ауқымда таратудың ең тиімді жолы. Мемлекеттік органдардың ресми сайттары жақын болашақта қоғам үшін басты ақпарат көзіне айналуы тиіс. «Біздің жоба сайттардың рейтінгін анықтаудан гөрі ақпаратты құқықтық реттеу мәселесіне бағытталған. Сайттарды бағалау тәсілі 100 пайыз оңтайлы болуы мүмкін емес, кейде кері факторлар да кездеседі, сондықтан сайттарды бақылауда біз ақпаратты орналастырудағы нормативтік реттеу жағының әлсіз тұстарын анықтауға бағыттадық», - дейді жоба жетекшісі Михаил Тюнин. Зерттеу нәтижелері бойынша, мемлекеттік органдардың ақпараттарды өз сайттарында және электрондық үкімет порталында орналастырудағы басты түйткіл - сапалық-сандық өлшемдері бойынша заңдық талаптардың, мемлекеттік ақпараттық қызметтің нақты стандарттарының болмауына, интернет қорын толықтырудағы уақытынан кеш және сапасыз ақпарат беруде жауапкершіліктің жоқтығына тіреліп отыр. Қоғамдық жобаға ҚР Ақпарат және байланыс агенттігі қызығушылық танытып отыр. Ал зерттеу кезінде анықталған кемшіліктер мемлекеттік органдардың интернет қорларының сапалы болуын қамтамасыз ететін нормативтік актілердің қабылдануына негіз болмақ.
Соңғы жаңалықтар