12:38, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекеттік органдардың жұмысы партиялық бақылауға алынады
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында партиялық бақылау комиссиясы құрылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш комиссия өткен жылы қарашаның 6-сында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Нұр Отан» ХДП жанынан жасақталған Партиялық бақылау комитеті жанынан құрылған еді. «Комитет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті деңгейде партияның бақылау комиссиялары құрылуда. Ал, Алматы мен Астана қалаларында партиялық бақылау комиссиясы кеңейтілген құрамда жұмыс істейді. Жергілікті комиссияның басты міндеті - мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын арттыру, мемлекеттік органдарда жұмыс атқаратын партия мүшелерінің тәртібін, қызмет бабындағы міндеттердің орындалуын бақылау, жемқорлық көріністерін жою, парақорлықтың алдын алу», - дейді «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков.