Мемлекеттік органдарға қатысты шағымды онлайн түрде жазуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органға шағым, арызды онлайн түрде жазуға болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. egov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады», - делінген хабарламада.

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.


Соңғы жаңалықтар