Мемлекеттік рәміздер ұлықталды
Мемлекеттік рәміздер әр елдің тәуелсіздігін білдіретін, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын айшықты белгілер саналады.
Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқай орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған егемендігіміздің мәнін шын ұғасың. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұранының заңнамалық мәртебесін белгілейтін тұңғыш заңға қол қойған күнді республика жұртшылығымен қатар Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің жеке құрамы да асыға күтіп, жоғары көңіл-күймен атап келеді.
Департаменттің акт залында өткен салтанатты жиында Гимнді кеден қызметкерлері бірлесіп орындағаннан кейін сөз алған Департамент басшысының орынбасары М.Күнтуарова: «Мемлекеттік рәміздер күнін тойлау азаматтардың бойында, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, қазақстандықтардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге ықпал ететінін, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады», - деп атап өтті.
Елбасының: «Тәуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар, оның біріншісі - Елтаңба, екіншісі - Әнұран, үшіншісі - көк байрақ, төртіншісі - Қазақ тілі» деген қанатты сөзі бар.
Мемлекеттік рәміздер күні аясында Департамент қызметкерлері облыстық балалар үйіне көмек көрсетті. Департамент қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет салу көрмесі өтті. Мемлекеттік рәміздер туралы баяндамалар жасалды.