Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
None
None

Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, қазақстандық патриотизм және халық бірлігі 5 институттық реформаны сатылай жүзеге асыру мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадамын» өмірге енгізуде нәтижеге жетудің маңызды факторы екенін атап өтті. Қазақстандық патриотизм ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілікке және оның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелейтіндігіне баса назар аударды.

Комиссия отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі, сонымен қатар Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстары әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Комиссия мүшелерінің тарапынан аталған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы осы жұмыстың идеологиялық маңызды бөлігіне терең және жан-жақты талдау жасалды.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының назары мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың бұзылуына жол бермеу, оның ішінде үнемі ішкі бақылауды қамтамасыз ету, құқықтық қолдану тәжірибесін жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласын бақылауды күшейту мәселелеріне аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Соңғы жаңалықтар