Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - елдіктің белгісі - А.Есекенова, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Елбасының Жарлығымен 4 маусым мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелі күндер қатарына қосылды.
None
None

Бұл - мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрметтің белгісі, олардың қоғам өмірінде алатын айрықша орнына орай көрсетілген мемлекеттік қолдау ғана емес, сонымен бірге тарихи санамызда тәуелсіздік идеясын біржола сіңіру және жастарды биік отаншылдық сезімге баулу болып табылады. Бұл туралы БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова мәлім етті.

Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президен­ті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қа­­­һарман­дығы мен даналығын, болашақ­қа үмі­тін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», - деген еді. Олай бол­са, мемлекеттік рәміздер - біздің мем­лекеті­міздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан біздің мемлекеттік рәміз­деріміз тарихтың тыл­сым тере­ңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін ай­шықтайды.

Міне, сол мемлекеттік рәмізде­рімізге биыл жиырма екі жыл толып отыр. Жиырма екі жыл ішін­де қазақ елі әлемдік деңгейде та­нылып қана қоймай, абырой тұ­ғыры биіктеді. Бұл - барша қазақ­стан­дықтың еңсесін көтерген үл­кен қуаныш. Сондықтан Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастер­леуіміз керек. Әрбір азамат Қа­зақстанның Туын, Елтаңбасын, Гим­нін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы», - деген еді.

Демек, әлемдік қоғамдастықта өзінің жаңа бет-бейнесімен көрі­ніп, жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде танылған Қазақстан өзінің ең алғашқы қадамын көк Туын, алтын пырақты Елтаңбасын және елдікке үндеген Гимнін қабылдап алудан бастауы еліміздің болашаққа шынайы қадам жаса­уы арқылы көрінуімен ерекшеле­не­ді. Өйткені туған елінің рәміз­деріне құрметпен қарау - елдіктің, отансүйгіштіктің, тұтастай алған­да, патриотизмнің негізгі белгісі.

Рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Мемлекеттік рәміздерімізге шетел­дік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлем­дік каталогқа кірген. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патрио­тизмді қалыптастырудағы қыз­меті, орны ерекше екені даусыз.

Мемлекеттік рәміздер - мемле­кеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекетті мемлекеттік рәміз­дерсіз елестету мүмкін емес.

Облыста мемлекеттік рәміз­дер­ді қолдану және насихаттау ке­шендік жоспарға және арнайы жа­сақталған медиа-жоспарға сай жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы облыс әкі­мі жанындағы Қазақстан Респуб­лика­сының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның жұмыс ор­- ганы болып табылады. Облыс әкі­мі жанындағы мемлекеттік рәміз­дер жөніндегі комиссия өз жұмы­сын жоспарға сай жылына төрт мәр­те, яғни тоқсанына бір рет өт­кізеді. Күн тәртібінде жыл са­йын барлық аудандардағы, облыс орталығындағы мемлекеттік органдардың рәміздерді пайдалану барысын тиісті құзырлы органдармен бірлескен түрде тексе­ріп, қорытындысы облыстық ко­мис­сияға табысталып отырады. Онда орын алған кемшіліктер бойынша шара алу туралы шешімдер қабылданады.

Сонымен қатар мемлекеттік рә­міздер жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыстардың жай-күйі бойынша инспекциялық тексерулер өт­кі­зіліп тұрады.

Бекітілген жоспарға сай Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай жыл сайын 4 маусымда Орал қаласын­дағы Абай атындағы алаңда, сондай-ақ облыстың барлық аудандарында «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар патриот­- тық форумы өткізіліп келеді. Биыл да Жастар мәдениет сарайында «Ел нышаны - рәміздер» атты мәдени-көпшілік шара, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледжде дөңгелек үстел отырысы, «Астана» шағынауданындағы Салтанат сарайы алаңында салтанатты шара (домбыра party, асық ату, Body Art, көше биі, баскетбол) өтеді.

Орал қаласы мен барлық аудандарда рәміздерді насихаттау, олар­ды дұрыс қолдану мәселелері бо­йынша дөңгелек үстелдер, ғылы­ми-практикалық конференция­лар, патриоттық акциялар ұйым­дас­­­тырылды. Кітапханаларда мем­лекеттік рәміздерге арналған түр­лі байқау-көрмелер болып тұра­ды. Балабақшалар мен аула клуб­тары арасында «Рәміздер та­рихы», «Қазақстан - Туымен тұ­ғырлы, Әнұранымен айбатты, Ел­таңбасымен еңселі», «Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік рә­міздеріне құрмет» атты шаралар ұйымдастырылды.

Жыл сайын облыстық ішкі сая­сат басқармасы тарапынан Қазақ­стан Республикасының мемлекет­тік рәміздерін қолдану бойынша әдістемелік құралдар шығары­луда. Аталған әдістемелік құрал­дар облыс бойынша және тиісті мемлекеттік органдарға таратылады.

«Елдік еркіндігіміздің қасиетті бел­гілерін ерекше қадірлеуде тек мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар емес, әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қа­жет. Қазақстан Республикасы­ның мемлекеттік рәміздерін құр­меттеу Конституциялық Заңның шеңберінде құқықтық рәсімдел­ген. Сондықтан алдағы уақытта да мемлекеттік рәміздерді қолдану мен кеңінен насихаттау жұмыс­тары барша отандастарымыздың ортақ міндеті болып қала бермек», деп түйіндеді ойын А.Есекенова.

Соңғы жаңалықтар