Мемлекеттік сатып алу: 155 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік сатып алу бағытында жүргізілген камералдық бақылау кезінде 32,4 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында осындай дерек ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биылғы 9 айдың ішінде 5,7 трлн теңгенің 675 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексерулер қорытындысында 32,4 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы жіберілген хабарламаның 98% орындалды.

Аудиторлық іс-шарамен 1 трлн 671 млрд теңгенің бюджет қаражаты қамтылып, 155 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді министр.

Сондай-ақ, ол тауар жеткізу, қызмет көрсету және орындалған жұмыстарды қалпына келтіру бойынша 123 млрд теңгенің заңсыздығы жойылғанын атады.

«Аудит объектілерінің қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2 мыңнан аса ұсыным берілді», - дейі Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар