Мемлекеттік сатып алудағы заңсыздыққа - тосқауыл

Біздің ел экономикасының даму жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы заңдылық экономикалық қатынастарды реттеуде бірден-бір маңызды бағыт ретінде тұрақты жетілдіруді талап етеді. Елбасы мемлекеттік сатып алу саласының бюджетті тиімді толтыруда түйінді және тікелей ықпалы болатындығын бірнеше мәрте атап өткен болатын.
Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті бюджеттік және мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтарды сақтауды бақылауды жүзеге асыратын ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі болып табылады.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңдылыққа соңғы өзгерістер енгізілгеннен кейін бұзушылық біршама кеміді. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік сатып алудың тең жартысының электронды форматта жүргізілуіне байланысты, мұндай жағдай қызмет көрсету процедураларын едәуір қысқартып, процесті анағұрлым жарқын әрі жариялы етті және бюджеттік қаржының үнемін өсірді. Оның үстіне, 2014 жылы құжаттарды әзірлеуде тауар жеткізушілер үшін ескертпе жасау жөнінде бұрындары мүмкіндік беріп келген нормалар жойылды.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықты қысқартуда сатып алу жөніндегі шешімді қабылдайтын әкімдер мен орталық мемлекеттік органдардың басшыларының атқаратын рөлі зор. Қаржы бақылау инспекциясының тексеру қорытындысы көрсетіп отырғанындай, істің жәйі мәз емес. Ашығын айтсақ, мемлекеттік сатып алудың барлық сатысында заң бұзушылықтың бар екендігі белгілі болып отыр.
Жоспарлаудың сатысынан бастап, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітудің мерзімі мен оны веб-порталға орналастыру жәйі бұзылады. Бірқатар жағдайларда жылдық жоспарда сатып алу үшін бөлінген қаржылар бекітілген қаржыландыру сметасының жоспарына, табыстар мен шығындар немесе бизнес-жоспарға сәйкес келмейді. Мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде әлеуетті жеткізушіге заңдылықта қарастырылмаған талаптар сирек кездеседі.
Мемлекеттік сатып алу туралы беріліп отырылған бұл ақпаратта конкурстық және аукциондық құжаттарды әлеуетті жеткізушінің меншігіне жататын тауардың және қызмет көрсетудің белгісіне, фирмалық атауына, басқа да сипаттамаларына орай көрсетуге болады. Мұндай бекітілген талаптарға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушылар бәсекелестік ортаны тарылтып, әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік принциптерін өздері бұзуға мәжбүр болады. Сөйтіп, мемлекеттік сатып алу процедурасына тең қатысу мүмкіндігін босқа жіберіп алады.
Мысал үшін, бір тектес тауарларды, жұмысты, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда ұйымдастырушылар оларды лотқа бөлмейді, тек тауарды жеткізудің мерзімін, орындалған жұмысты, он бес күнтізбелік күннен кем емес қызмет етуін көрсетумен шектеледі. Заң бұзушылықтың елеулі бір бөлігі көбінесе әлеуетті жеткізушілердің сатып алуға қатысуының өз дәрежесінде қамтылмауынан орын алады. Ұйымдастырушылар көп жағдайда сатып алуға әлеуетті жеткізушілерді алдын-ала рұхсат беру протоколында көрсетілген негіз бойынша қатыстыра бермейді. Бұған мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықта рұқсат етілмеген. Әлеуетті жеткізушілерді түрлі сылтау, себептерге байланысты сатып алудан тыс қалдыру тыйылмай келеді. Мысалы, сатып алудың негізі - тауар бола тұра, мердігерлік ұйым туралы мәліметті ұсынбауы себебінен жеткізушіні кері қайтару жағдайы да орын алған. Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі жөніндегі ақпараттың нақты еместігі де осыған әкелген. Сол секілді менеджмент сапасы, қоршаған ортаны басқару менеджменттерінің болмауы шартты бағаларға ғана әсерін тигізетіндігі ескерілмейді.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуға белгілі талапқа сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілерді қатыстыратын фактілер де жиі кездеседі. Бірқатар жағдайларда өтініштерді қарау кезінде сайлау жолы байқалады. Оның үстіне мемлекеттік сатып алуға ар-ұяты таза емес, сондай-ақ, басқа да шектеулері бар жеткізушілерді қатысуға жіберетін жағдайлар бар.Мұндай заң бұзушылықтың туындау себебі: заңдылықтың қарапайым нормасын білмеушілік болып табылады. Соның нәтижесінде арыз-шағымдардың тасқыны молаяды.
Заңдылықты бұзушылықты жоюда біздің инспекция оларды реттеудің түрлі шараларын қарастырады. Бүгінде ҚР қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті өзінің аймақтық бөлімшелерінің алдына бюджетті орындау және мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын бұзушылықтарды азайту мақсатын қойып отыр.
Осыған байланысты өз қызметтерін заң бұзушылықты қадағалап қана қоймай, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және оларға тосқауыл қоюға бағыттайды. Бұл мәселенің маңыздылығы даусыз, бұдан бюджеттік қаржыны үнемдеу ғана емес, сонымен қатар мынадай міндетті - көлеңкелі экономиканы шешу мүмкіндігі туады.
Комитет электронды коммерциялық орталықтың мамандарымен бірлесіп тәуекел басқару жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмысын бастады, бұл мемлекеттік сатып алуды жүргізудің саласындағы бұзушылықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ келісімшартты бекітуге дейінгі жұмысты жедел шешу шарасы қарастырылуда. Бұл үшін мемлекеттік мекемелер арасында өзара қарым-қатынасты күшейтудің жолдары пысықталып жатыр.
Жаңа заң жобасында заңдылықты бақылауды сақтау мәселесі бойынша да кейбір өзгерістер енгізілу үстнде. Мысалы, жоспардан тыс бақылауды жүргізудің бірден-бір негізі - тәуекел басқару жүйелерінен алынған ақпараттар болып табылады. Ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің іс-әрекетіне шағымдану кезінде заңдылықта орын алғанындай, бақылау жүргізу мерзімі 10 жұмыс күні болып белгіленбек. Осы арқылы бақылау жүргізу уақытында мемлекеттік сатып алудың барлық процедуралары тоқтатылады.
Келісімшарт жасағанға дейінгі ұйымдастырушылардың заңдылықты бұзумен қабылдаған шешімдерінен бас тартуы туралы қызметінің заң жобасында айқындалғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ сот органдарынан әлеуетті жеткізушілер арасындағы ар-ұяты төмен қатысушыларды тану туралы шешім қабылдау жөніндегі қызмет (функция) Қаржы министрлігіне берілетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен орындалып, жеткілікті пысықтаулардан өткен жаңа заң жобасында мемлекеттік сатып алу саласында бүгінгі күні туындап отырған көптеген проблемаларды шешудің, бюджетті тиімді толдтырудың жан-жақты жолдары қарастырылған.