Мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметкерді кәсіби дайындау ұдайы жүргізілуі тиіс - СҚО әкімі (ФОТО)

Жиын күнтәртібінде екі мәселе қаралды: экономикалық қылмыс салаларындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары және Шал ақын мен Айыртау аудандарының жергілікті билігі қолға алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мәселелер бойынша аудандық комиссиялардың жұмыстары.
Алғашқы мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналинов сөз сөйледі.
Ол тендер, мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік бағдарламалардың саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық басым екендігін атап өтті. Мемлекеттік кірістер органдары осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізеді. Қаражатты жымқыруға қатысты қылмыстық істерді тергеуде қызметкерлердің заңнаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің қағидаттарын білмеуі жиі кездеседі.
Ерік Сұлтанов таяуда ғана мемлекеттік сатып алуларды жүргізу мен оған қатысты кемшіліктерге байланысты үлкен жиналыс өткізілгенін атап өтті.
«Заңнама өзгертіліп жатқандығын ескеру керек. Мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметкерлерді кәсіби дайындауды тұрақты түрде жүргізу қажет», - деді облыс әкімі.
Облыс әкімі аудан әкімдіктерінің сайттарында жүргізілген ақпараттық жұмыстарға сын-ескертпе білдірді.