Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлердің жалған қатысушылары 10 млн. теңгеге залал келтірді

ПАВЛОДАР. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы тендерлердің жалған қатысушылар тобына қарсы қылмыстық істі тергеді, деп хабарлады Павлодар облысындағы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Веб-портал электрондық жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуларға қатысқан олар өз ұсыныстарын арзан бағалармен орналастырып, конкурстарды жеңген, кейін алдын ала төлемдерді ұрлап отырған.

Алданған тапсырыс берушілердің арасында облыс пен өзге өңірлердің білім және денсаулық сақтау мекемелері бар, оларға 10 млн. теңгеден астам сомаға шығын келтірілді.

Соңғы жаңалықтар