Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бюджеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды

Олар мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бюджеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан.
Қылмыстық топ 2012 жылғы мамыр - 2013 жылғы ақпан аралығында мемлекеттік ұйымдардың 11 млн. теңгеден астам қаражатын электрондық порталда бағалы ұсыныстарды сұрау арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда жалған қатысу арқылы ұрлаған.
Касимованың жеке кәсіпорны төмендетілген бағаларды көрсету арқылы мемлекеттік сатып алулар конкурстарында жеңімпаз атанып тұрған. Бірақ қылмыстық топ мүшелері келісім-шарттың 50%-дық алдын ала төлемақысын алғаннан кейін міндеттерін орындамай жасырынған.
Топтың қылмыстық әрекетінен 9 мемлекеттік ұйымға залал келтірілген. Олар: Минералды шикізатты кешенді өндірудің ұлттық орталығы, Қазақ өңдеуші және тамақ өнеркәсібінің зерттеу институты, Семей қаласының кеңес-диагностикалық орталығы, Сәтбаев атындағы су арнасының «Казводхоз» РМК филиалы, Павлодар облысы бойынша Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық агенттігі жобаларының мемлекеттік сараптамасы, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, «Центр Алматыгортранс» ЖШС, Қостанай облысындағы Сарыкөл орталық емханасы, Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық емханасы.
Қасымов, Аманов және Касимоваға қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, олар сот санкциясымен қамауға алынды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 22 мамырда соңғыларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қызметіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істің нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.