Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры 24 қоғамдық жобаны қаржыландырды

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры 24 қоғамдық жобаны қаржыландырды. Бұл туралы бүгін елордада журналистермен кездескен қор директоры Берік Әбдіғалиев мәлімдеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл - мемлекеттік тілдің арнасын кеңейту мақсатында жыл басында жарияланған қор гранттарының алғашқы қорытындысы.

Биыл елдің 12 өңірінен 107-ге тарта жоба байқау сараптауына түскен. Байқау нәтижесі бойынша гранттарды қазақ тілін үйретуге негізделген авторлық бағдарламалар, балаларға арналған әдістемелік құралдар мемлекеттік тілде шығатын интернет сайттар, жарнамалық акциялар мен қазақ тарихы тақырыбындағы басылымдар, бар-жоғы 24 жоба жеңіп алды.

«Грант бойынша қазақ тіліндегі «Қазақ альманағы» журналы, «Білім және ғылым» басылымы, Қазақстан телеарнасының «Сөз мерген» бағдарламасы қомақты қаражаттар алды. Қордың «Ұлт рухы» бағдарламасы аясында «Алаш» кітабі жарық көрді. Е. Бекмаханов, Жүсіпбек Аймауытовтардың жарық көрмей қалған еңбектерін, Талас Омарбековтің ашаршылыққа байланысты жазылған шығармасын басуға гранттар қарастырылды», деді қор басшысы.

Сондай-ақ «Балақанға базарлық» қазақ тілін үйретуге негізделетін ойыншық түрлерін шығарумен айналысатын кәсіпорыны, Мәскеудегі қазақ тілін оқыту орталығы қордың қолдауына ие болып отыр.

Соңғы жаңалықтар