Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры қазақ тіліндегі 5 интернет сайтын қаржыландырды

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры қазақ тіліндегі 5 интернет-сайтты қаржыландырды.
None
None

 
 Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз-мәслихатында қор директоры Берік Әбдіғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     

 «Қордың басымдықты жобаларының бірі қазақ тіліндегі интернетті дамыту. Әр түрлі деректер бойынша, интернеттің қазақ тіліндегі сегменті 3 пайызды ғана құрайды екен», деді Б.Әбдіғалиев.

 Атап айтқанда Мінбер.kz, Абай.kz, Назар.kz сайттарын ашуға әр қайсысына 1 млн. теңгеден үлестірілді.

 «Сонымен қатар Зона.kz сайтында ана тілімізде жарық көретін басылымдарды насихаттайтын «Баспасөзге шолу» қазақ тіліндегі бөлімін құрастыруға 500 мың теңге ақша бөлінді. Қазақ тіліндегі мақалаларды орыс тіліне аударып, шолу жасап отыратын сайт қор қолдауына ие болды», деп атап көрсетті ол.

 Қор гранттары қазақ тілінің аясын кеңейтуге және ұлттық рухты нығайтуға арналған қоғамдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар