Мемлекеттік тілді жетік білетін полицейлер байқауы өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Парасатты полицей» байқауы басталды. 9-ші рет өткізіліп жатқан тіл додасына әр облыстан жалпы 200-ден астам тәртіп сақшысы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тілді жетік білетін полицейлер байқауы өтуде

Сайыстың алғашқы күнінде қатысушылар қарттар күніне орай Текелі қаласындағы қарттар үйіне барып, сый-сияпат беріп, ән-жырдан шашу шашты. Жалпы бұл байқау мақсаты ішкі істер органдарында қызмет ететін тәртіп сақшыларының қазақ тілін жетік меңгеруге ықпал ету. Сондай-ақ, кәсіби терминдерді дұрыс қолданып, қызметтік құжаттарды қатесіз рәсімдеуді үйрету.null

«Біздің байқауға қатысушылар осы қызметкерлер. Мысалы тергеу саласынан бар деп айтуға болады. Олар енді істі жүргізгенде жылдан-жылға тілімізге деген құрметі көтеріліп келе жатыр. Қазақ тілінде жүргізеді. Және осы байқаудың өтуі өзінің бір көмегін, септігін тигізеді», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі басқармасының басшысы Әлия Шермағанбетова.

 null null