Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар үшін «жас шегін» көтеру керек - депутат пікірі

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар үшін «жас шегін» көтеру керек. Бұл пікірді бүгін елордадағы Бейжің сарайында өткен «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру барысы туралы» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар барысында Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова білдірді.
None
None

Қазіргі таңда жетімдер үйінен тәрбиленіп шыққан балалардың баспаналы болуы өте күрделі проблема болып отырғандығын баса айтқан депутат «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес олар 23 жасқа дейін ғана үй алу кезегіне тұра алады. Сіздер біздің үйді қалай салып, оларды қалай бөлетінімізді жақсы білесіңіздер. Баспана жеткіліксіз, сондықтан балалар үйлерінің тәрбиленушілері үйге қол жеткізе алмайды. Алса да, тым аз. Осыған орай, біз егер мүмкіндік болса, олардың баспаналы болуы үшін жас шегін 23-тен 29-ға дейін көтеруді өтіндік», деді.

Бұл орайда, А.Самақова қазіргі таңда Парламентте «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің жобасы талқыланып жатқандығын айта келіп, осы сынды бірқатар ұсыныстар түзету түрінде енгізілгендігін жеткізді. Сонымен қатар ол бұл түзетулерге Сенаттағы әріптестерінің қолдау білдіретіндігіне үміт артты.

Соңғы жаңалықтар