Мемлекеттік зейнетақы қорларында жатқан 1 млрд. теңгенің иесі жоқ

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік зейнетақы қорында 1 млрд. теңгенің иесіз қаражаты жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

«Қолда бар мәліметке жүгінетін болсақ, мемлекеттік зейнетақы қорында 1 млрд. теңгеден астам қаражат иесіз жатыр. Бұл қаржы біршама жылдар бойы жинақталған. Зейнетақы алушылардың кейбірінің аты-жөндерінен кеткен әріп қателері де иесіз есеп-шоттарда қаражаттың сақталуына сеп болған. Бұған дивидендтер жүріп, оның пайдасын қордың өзі көріп жатыр. Ендеше, осы иесіз қаржының болашағы қалай болар екен?» деп сұрады депутат  Омархан Өксікбаев, жиын барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен.

Өз кезегінде министр  Серік Әбденов шынымен де ондай мәселе бар екенін, зейнетақы қорларында біршама меншіксіз қаражаттар шоғыры жатқанын айтты. «Кейбір жағдайларға қатысты еліміздің біраз азаматтарына тиесілі қаражат бұл. Ондай азаматтар мүмкін қайтыс болды, мүмкін шет елге шығып кетті, содан қалып қойғандары да бар. Алайда, осы қаражатқа қатысты кейіннен меншік құқы бар болатын азаматтар табылып та жатыр. Солармен жұмыс жүруде», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар