Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының тендері биыл басталмайды - Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорында 3 әлеуетті инвестор табылды.
None
None

Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

"Қазір тендер үдерісі әлі құрылған жоқ. Инвесторлар мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорындағы ахуалды зерттеуде. Инвесторлардан екі топ келді. Үшіншісі әлі келген жоқ", - дейді ол. Бас банкирдің айтуынша, ағымдағы жылы ресми түрде тендер басталмайды. Оған кімдер қатысатыны туралы айтуға қазір ерте.

7 қазанда ҚР Ұлттық банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату туралы келісімге қол қойылған болатын. Соның нәтижесінде Еуропалық қайта құру және даму банкі ҚР Ұлттық банкіне «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ-ның 9,99% акцияларын сатты. Бұл мәміленің нәтижесінде ҚР Ұлттық банкі «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ-ның 100% акцияларына иелік ету үлесі бар акционердің мәртебесіне ие болды. Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры зейнетақы жинақтау нарығында еліміздің үздік үштікке кіреді. Қордың меншікті капиталы 1 қазанға 19 904,7 миллион теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар