20:49, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
«Мемлекеттік-жеке әріптестік қазақстандық орталығы» АҚ төрағасы Халықаралық жол федерациясының құрметті директорымен кездесті
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Бүгін «Мемлекеттік-жеке әріптестік қазақстандық орталығы» АҚ төрағасы Болат Смағұлов II Астана экономикалық форумының жұмысына қатысу үшін Қазақстанға келген Халықаралық жол федерациясының құрметті директоры Энтони Пирспен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталықтың баспасөз баянына сілтеме жасап.Кездесу кезінде тараптар әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудың перспективасын, сондай-ақ мемлекеттік-жеке әріптестік саласындағы Қазақстанның мүмкіндіктерін талқылады.Энтони Пирстің атап айтқанындай, мемлекеттік-жеке әріптестік желісі бойынша жобалардың саны соңғы жылы 60 пайызға қысқарған. Оған бірінші кезекте қаржылық қолжетімділіктің күрделілігі себеп болды. Мысал ретінде Пирс мырза қаржы ұйымдары мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларына арналған несиелер бойынша ставкаларды 1,5 пайыздан 8 пайызға дейін көтергенін ауызға алды. Сонымен қатар, Пирс мырза Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік саласында үлкен мүмкіндіктерінің бар екенін атап өтті.«Қазақстанның осы сала бойынша Орталық Азия аймағында көшбасшы болып табылатыны сөзсіз», ? деді ол. Одан басқа, Халықаралық жол федерациясының құрметті директоры Қазақстандығы мемлекеттік-жеке әріптестік тұжырымдамасы (тұжырымдаманың жобасы Мемлекеттік-жеке әріптестік орталығының www.ppp-center.kz сайтында орналастырылған) «барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді», деп санайтынын білдірді.Мемлекеттік-жеке әріптестік қазақстандық орталығының басшысы Болат Смағұлов Қазақстандағы мемлекеттік-жеке әріптестіктің заңнамалық көріністері және концессияға беруге даярланып жатқан жаңа жобалар туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Пирс мырзаны Орталықтың мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті.Энтони Пирс: «Оларды халықаралық компанияларға?инвесторларға көрсету үшін» мемлекеттік-жеке әріптестік саласындағы қазақстандық жобаларды жылжытуға өз көмегін ұсынатынын айтты.«Қазір Еуропадағы көптеген компаниялар Қазақстанмен ынтымақтасуға мүдделілік танытып отыр», ? деді ол.Кездесу кезінде тараптар екі ұйымның ынтымақтастығының келешектегі перспективаларын талқылады.