Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін жетілдіру үшін бюджеттік және концессиялық заңнамаға өзгертулер енгізіледі - Үкімет басшысы

АСТАНА 27 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін жетілдіру үшін бюджеттік және концессиялық заңнамаға өзгертулер енгізіледі.  
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кеңейтілген фракция отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторын инвестициялауды ынтыландыру мақсатында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту жаңа деңгейге көтеріледі. Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін жетілдіру бюджеттік және концессиялық заңнамаға қажетті өзгертулер енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады», - деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының атап өтуінше, мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа формаларын енгізуді және оның қолданылу аясын денсаулық сақтау, білім беру, коммуналдық шаруашылық салаларында кеңейтуді көздейтін заң жобасы әзірлену үстінде.

Соңғы жаңалықтар