11:31, 15 Тамыз 2023 | GMT +5
Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету жұмысын күшейту қажет – Смайылов
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету жұмысын күшейту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету жұмысын күшейту қажет. Жекешелендірудің кешенді жоспары аясындағы іс-шараларды тиісті жол карталарына сәйкес бұлжытпай орындау керек. Сондай-ақ жекешелендіру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр өзекті мәселенің бірі – бюджет есебінен қаржылдандыруы қарастырылған барлық іс-шараны уақытылы іске асыру екендігіне баса назар аударды.
«Сондықтан бюджеттік бағдарлама әкімшілері жылдың соңына дейін қаражаттың сапалы әрі толық игерілуін қамтамасыз етуі қажет. Бұл үшін барлық министрлер мен әкімдер тікелей жауапты болады», - деді Әлихан Смайылов.