Мемлекеттің экономикалық, қоғамдық және саяси өмірдегі рөлі жылдан жылға өсуде - саясаттанушы Ерлан Қарин

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл форумның басты мақсаты - мемлекеттік құрылымдардың азаматтар мен қоғаммен байланысын тиімді өткізуіне арналған. Мемлекеттің экономикалық, қоғамдық және саяси өмірдегі рөлі жылдан жылға өсуде. Әсіресе соңғы 2 жылда дағдарыстың есебінен мемлекет кейбір функцияларды өз қолына алды. Көптеген сарапшылардың пікірінше, мемлекет пен билік органдары соңғы жылдары қоғамға өздерінің белгілі бір басымдықтарын жеткізуге қатысты механизмдерді жетілдіріп, олардың санын ұлғайтуда. Әкімдердің есеп беруі, министрлердің жеке блогтары, үкімет мүшелерінің тұрақты түрде интернет конференциялар ұйымдастыруы - бұл мемлекеттік билік органдарының өз тарапынан жасалып жатқан іс-шараларды жеткілікті түрде қоғамға жеткізу ниеті. Бірақ кейбір сарапшылардың ойларынша, мемлекет тарапынан белсенділік артқанымен бұл іс-шаралар тек біржақты», дейді саясаттанушы Ерлан Қарин. Оның айтуынша, алдағы 10 жылдықта мемлекет тарапынан жасалатын ауқымды модернизациялық өзгерістер жоспары жарияланды. Ендігі мәселе ондағы басымдықтарды іс-жүзіне асыру үшін мемлекет азаматтарды, қоғамды қаншалықты жұмылдыра алатыны жөнінде болып отыр. Сондықтан бұл формуда талқыланып жатқан негізгі мәселелер мемлекеттік органдардың қоғаммен байланыс жүйесі. Азаматтардың мемлекеттік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін білдіру механизмдерінің сапасы жөнінде болып отыр. Себебі мақсат газет пен теледидарда сюжеттер мен мақалалар жариялап қоюмен қатар, азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды осы жобаларға қатысуға мүмкіндік беру керек.