Мемлекеттің қолдауы арқасында «ТӘБ банкі» алдағы уақытта да қалыпты жұмыс жасай беретін болады

ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мемлекеттің қолдауы арқасында «ТӘБ банкі» алдағы уақытта да қалыпты жұмыс жасай беретін болады.
None
None
Бұл туралы банктің Батыс Қазақстан филиалының директоры Мирғат Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. М.Ахметовтің айтуынша, Үкіметтің шешіміне сәйкес банк экономиканы тұрақтандыру бағытындағы мемлекеттік базалық бағдарламалардың барлығына қатысатын болады. Әсіресе, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, Алматы мен Астанадағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендерін қаржыландыру, агроөнеркәсіп кешендеріне, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде негізгі оператор ретінде таңдалып отыр. Мысалы, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға аталмыш банкке 40 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұдан БҚО филиалына 500 миллиондай теңге түседі. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 84 млрд. теңге бағытталса, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында банк «Даму» қорымен 22 млрд. теңге көлемінде меморандумға қол қойды. Бұдан батысқазақстандық филиалға 3,3 млрд. теңге көлемінде қаржы келмек. Несиені қайта қаржыландыру бағытында азаматтардан арыздар қабылдана бастады. Бұл несие жиырма жыл мерзімге дейін берілмек. Пайыздық мөлшерлеме бюджеттік сала қызметкерлері үшін ? 9, өзге азаматтар үшін 11 пайыз көлемінде болмақ.
Соңғы жаңалықтар