Мемлекеттік аппараттағы артық адамдарды цифрландыру арқылы қысқарту керек – Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әділет мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруда цифрландырудың қаншалықты маңызды екені туралы пікірін айтты. 

Олжас
Фото: Үкімет

Отырыста Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланы цифрландырудың барысы мен алдағы жоспары туралы мәлімет берген. 

— Сіз айтқан мәселелерді қолдаймын. Цифрландыру арқылы осылай артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту керек. Соның нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барша мемлекеттік органдарға қатысты, - деді Премьер-министр. 

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге бағытында бірқатар тапсырма берген еді. 

 

Соңғы жаңалықтар